
Өрт сөндірушілер кезекшілікте ұйықтайды деген пікірді жиі естейміз. Шын мәнінде, өрт сөндірушілердің демалуға уақыттары болмайды. Шақырту аралықтарында жауынгерлер теориялық сабақтар оқиды, жаттығады, нормативтерді пысықтайды, техниканы, жабдықты ретке келтіреді және тағы басқа жұмыстармен айналысады.
№7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің 24 сағаттық ауысымы 8.30-да басталады. Осы сәттен бастап өрт сөндіруші қатаң кесте бойынша жұмыс істейді. Мұның бәрі ауысымды сапқа тұрғызу мен тапсырудан басталады. Техниканы, жабдықтарды, құрал-саймандарды тексеріп алады. Барлық кемшіліктер жұмыс басталғанға дейін анықталуы керек. Содан кейін сабақтар басталады. Әр ауысымда – үш тәуліктен кейін өрт сөндірушілер теориялық сабақтар оқиды. Олар конспект жазады, практикалық дағдыларын пысықтайды. Сабақтар мектептегідей бір жыл бұрын жоспарланады. Егер сол кезде өрт туралы қоңырау болса - барлығы жұмысын тастап, шақыртуға асығады.
Жұмыс кестесінде міндетті түрде – спорттық жаттығуларда бар.
Өрт күзеті қызметкерлерінің күн тәртібіндегі ең маңызды сабақтардың бірі нормативтерді пысықтау болып табылады. Оларды дұрыс және сапалы орындау үшін әр кезекшілікте жаттығу керек.
Өрт-сөндіру жаттығулары және тактикалық-арнайы даярлық бойынша нормативтер өрт сөндіруді ұйымдастыруға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысатын және тартылатын жеке құрамға қолданылады.
Кезекті кезекшілік кезінде №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы оқу мұнарасының 4-қабатына шабуыл сатысымен көтерілу нормативін пысықтады. Бұл баспалдақ-штурмовканы қабылдаумен бір мезгілде пайда болған өрт күзетінің дәстүрлі нормативі.
«Өрт сөндіру бөлімінде 62 адам жұмыс істейді. Бір ауысымда 12-13 адам бар. Ауысым тапсырушылар кезекші күннің қорытындысын шығарады, кезекшілікті қабылдағандар – осы уақытта қауіпсіздік техникасы бойынша сауалнама өткізіледі. Осыдан кейін күн тәртібі бекітіледі. Қиын өрт-сөндіру жұмыстары болса да бөлімшеге оралған өрт сөндіруші түгендеуді ретке келтірмейінше тыным таппайды. Жеңдер ауыстырылады, дымқылдары кептіргішке жіберіледі. Келесі қоңырауға бәрі дайын болуы керек. Содан кейін ғана өрт сөндірушіге демалуға рұқсат етіледі», - дейді №7 өрт сөндіру бекетінің қарауыл бастығы Рамазан Нысанбаев.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі