Қызыл Жарты Ай қоғамы Апаттар Медицинасы Орталығымен бірлесіп Қарағанды трассаларында құтқару пункттері үшін мөлшерлі азық дайындады

Қызыл Жарты Ай қоғамы Апаттар Медицинасы Орталығымен бірлесіп Қарағанды трассаларында құтқару пункттері үшін  мөлшерлі азық дайындады

   Қызыл Жарты Ай қоғамы трассалық медициналық-құтқару пункттері үшін белгілі бір мерзім үшін мөлшерлі азық жинады. Бұл бағыттағы жұмыс Апаттар медицинасы орталығының Қарағанды филиалымен жүргізіліп жатыр.

   Қарағанды облысының аумағында жеті трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. Қысқы кезеңде олар қар құрсауында қалған адамдар үшін жылыту пункттері ретінде де пайдаланылады. Трассалық медициналық-құтқару пункттерінде жүргізушілер мен жолаушылар тек медициналық көмек алып қана қоймай, ауа-райының қолайсыз уақытында да күте алады.

    Мөлшерлі азық құрамына консервілер, жедел кеспе, су, шай, кофе кіреді. Өткен 2021 жылы Қарағанды облысының трассалық медициналық-құтқару пункттерінде 300-ден астам адам медициналық көмек алды.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі