2022 жылғы 30 қаңтарда Қарағанды қаласында кәсіпқойлардың арасында кір тасын көтеру спорт түрінен Қарағанды облысының чемпионаты өтті, онда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының алдағы чемпионатына үздік спортшылар іріктелді. Аталған жарысқа Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері – №14 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Пацук Дмитрий, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Ромащенко Виталий және №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері Комаров Александр қатысты. Дмитрий Пацук пен Виталий Ромащенко өз салмақ санаттарында (95 кг және +95 кг) құрметті үшінші орынды иеленді, ал Александр Комаров аталған жарыстардың абсолютті чемпионы атанды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Александр Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.