
2021 жылдың өткен кезеңінде Шахтинск аймағында автокөлікте 16 өрт оқиғасы тіркелді, негізгі себептер электрсымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады.
2022 жылғы 25 қаңтарда Шахтинск қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және "Шахтинск қаласы жастарының КММ ресурстық орталығы еріктілерімен бірлесіп "Қауіпсіз көлік" акциясы аясында автокөлікте өрттердің алдын алу және ескерту бойынша профилактикалық іс-шараларө ткізілді.
Бұл іс-шара автокөлікте өрт туындаған кезде адам өлімі мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Шахтинск қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері авто дүкендерде, техникалық қызмет көрсету станцияларында, қаланың автожуу орындарында, автоәуесқойлармен автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізді, улыгаздың қауіптілігі туралы сондай-ақ ескерту сипатындағы жадынамалар таратылды.
Төтенше жағдайлар бөлімі өрт шыққан кезде автокөлікте келесі тәртіп ережелерін сақтау туралы ескертеді:
- көлікті тоқтатыңыз;
- қозғалтқышты өшіріңіз;
- көлікті қолтежегішіне қойыңыз;
- сорғыштың құлпын босатыңыз, бірақ сорғышты ашпаңыз;
- барлық жолаушыларды шығарыңыз және қауіпсіз қашықтыққа кетіңіз;
- жолға сигнал қойыңыз;
- "101" нөміріне қоңыраушалып, өртке қарсы қызметтін шақырыңыз.
Шахтинск қаласының ТЖБ