Өткен демалыс күндері

Өткен демалыс күндері

Өткен демалыс күндері 22-23 қаңтарда Қарағанды облысының Төтенше жағдай Департаментінің бөлімшелері 23 рет құтқару жұмыстарына шықты, оның ішінде өрттер және және жануларға 14 рет, авариялық- құтқару және іздеу жұмыстарына 9 рет, 4 адам құтқарылды, оның 1-і бала.

     Пештер мен түтіндіктерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен 2 өрт болды.   

    22 қаңтар сағат 13:31-де Қарағанды қаласында, Ярославская көшесіндегі тұрғын үй шатырының ағаш торлары, сондай-ақ жалпы ауданы 60 ш.м. тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылысы мен қазандық жабындысы жанып, кейіннен 15 ш. м. алаңдағы тұрғын үйдің жабындысы опырылып құлады, өрт сағат 14:26-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

     23 қаңтар күні сағат 23: 01-де Қарағанды қаласы, Ынтымақ көшесінде, веранда жабынының шаруашылық құрылысындағы ағаш конструкциялары жанған. Сондай-ақ, шатыр ағаштары, терезе және есік блоктары, үй заттары мен жиһаз ішіндегі монша және тұрғын үйге жапсарылас салынған жалпы алаңы 70 шаршы метре орын алды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Кешкісін 22 қаңтар сағат 18:53-те Қарағанды қаласында, Молдағұлова көшесінде жалпы ауданы 40 шаршы метр ауданда тұрғын үйдің үй заттары, жиһаз, сондай-ақ, мансардтық үй-жайындағы терезе және есік блоктарының жануы орын алды. Қарағанды облысы ТЖД күшімен 20-33 өрт сөндірілді.        

    Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

ТЖ департаменті төтенше жағдайларды, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Ешбір жағдайда:

- сөндірілмеген темекілер мен сіріңкелерді қалдырмаңыз;

- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын бақылаңыз;

 - бір желіге бірнеше электр құралдарын қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;

- үйде жасалған электр жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз;

- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын қолданыңыз;

- мұржаларды күйеден уақтылы тазалаңыз;

- пешті қатты қыздырмаңыз;

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және балаларға пеш жағуды тапсырмаңыз!