Қарағанды облысында бала құтқарылды

Қарағанды облысында бала құтқарылды

 

2022 жылдың 20 қаңтарында күндіз, сағат 12:30-да "112" құтқару қызметіне Ақтоғай ауданының Қаратал және Нұркен ауылдары арасында автокөлік өтуінің қиындығына байланысты жедел медициналық жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқасқа жете алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті.

    Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №27 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары шықты. Құтқарушылар өздерімен бірге фельдшерді алып, жоғары өтімді техникамен жолға шықты. Құтқарушылар 2020 жылы туған баланы Нүркен ауылына жеткізіп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі