Қарағанды облысы ТЖД бастығы полковник М.Қ Қатпановтың қатысуымен Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы жедел кеңес өткізілді.
Кеңеске ТЖ Департаменті бөлімшелерінің және оның ведомстволық бағынысты мекемелері мен ТЖ министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшылық командалық-басшы құрамы қатысты.
Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасарлары А.К.Ахметжанов пен Н.С. Бекбосынов 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндады.
Сонымен қатар, ТЖД бастығы бөлімшелерінің басшыларын тыңдады.
2021 жылдың 12 айында ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелерімен 10765 шығу жасалды, бұл ретте 2515 адам құтқарылды, ТЖ аймақтарынан 1439 адам эвакуацияланды.
Су тасқыны кезеңінде ТЖ департаментінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар және ұйымдар жағалауды нығайту жұмыстарын, қорғағыш жер үйінділерін тұрғызу, еріген қар суының қозғалыс бағытын өзгерту үшін ор төсеу, су басқан үйлер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізді. Бірлескен күш-жігердің, жедел іс-қимылдардың және үйлесімді жұмыстың арқасында су тасқынының салдарын барынша азайтуға мүмкіндік туды. 2015-2021 жылдар кезеңінде барлығы облыста 250 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды, 178 елді мекенде 102 шақырымнан астам өзен арналарын жағалауды бекіту, түбін тереңдету, түзету және кеңейту жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы облыс аумағында 1086 өрт тіркелді, 24,3% - ға төмендеді. Бақылаудағы объектілерде өрттердің төмендеуі 16,4% құрады. Өрттердің алдын алу, өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында 298 мыңнан астам адамды қамти отырып, 97 мыңнан астам тұрғын үй секторын аралау жүргізілді.
Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңі жауын-шашынның болмауымен, орташа температураның 30 градустан жоғары көтерілуімен, желдің қатты екпінімен, құрғақ найзағаймен күрделенді.
Мәселен, орман өрттері фактілерінің 1,7 есеге өсуі тіркелді. 670 га алаңда 39 өрт болды, сондай-ақ дала өрттерінің 3 есе өсуі байқалды. Ағымдағы жылы дала өрттерінің ең көп саны Ұлытау және Ақтоғай аудандарында болды.
Табиғи өрттердің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендердегі өрттердің алдын алуда және оларды жоюда өрт бекеттері маңызды рөл атқарды.
Қарағанды облысының аумағында барлығы 45 өрт сөндіру бекеті құрылды, олардың қорғауында жалпы халық саны 40 мың адамнан асатын 67-ге жуық елді мекен бар, оның ішінде 2021 жылы 15 өрт сөндіру бекеті құрылды.
Өрт сөндіру бекеттерін дамыту алдағы уақытта да жалғасатын болады. 2021-2023 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес тағы 12 бекет құру жоспарлануда.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 525 табиғи өрт пен жану тіркелді, өсім 47,9% - ды құрады.
Сондай-ақ азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқару бөлімшелерінің күштері барлық шомылу маусымында жоғары дайындық режимінде болды. 2021 жылғы шомылу кезеңінің басынан бастап жабдықталмаған су айдындарында 215 тыйым салу белгісі орнатылды. Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп адамдар көп жиналатын жерлерде халыққа судағы қауіпсіздік ережелері таратылады және жеткізіледі.
Айта кету керек, Департамент бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы арттыры. 2021 жылы облыс әкімдігімен қаражат бөлініп, 5 бірлік авариялық-құтқару техникасы, космомониторинг және авиациялық қызметтер сатып алынды.
Кеңесті қорытындылай келе, Мұрат Катпанов қызметкерлерге жүктелген міндеттерді орындаудың маңыздылығын атап өтіп, жұмысты заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және халықтың азаматтық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға бағыттады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі