Қарағанды облысының ТЖД басшылығы КВИ-ға қарсы ревакцина алды

Қарағанды облысының ТЖД басшылығы КВИ-ға қарсы ревакцина алды

    2021 жылғы 22 қарашадан бастап Қазақстанда құтқарушыларды коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті ревакцинациялау жүзеге асырылуда.

     Денсаулық сақтау министрлігінің ережелеріне сәйкес бірінші кезекте ревакцинацияны медицина саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады.

      Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері пандемия басталғаннан бастап коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болып, тәулік бойы қызмет етті.

    Қарағанды қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мобильді топтардың жұмыс орнына шығуын ұйымдастырды және осы мекемелердің қызметкерлеріне ревакцинация жүргізеді. Ұйымның қауіпсіздігі үшін КВИ-ға қарсы вакцина алғысы келетіндерге арналған жеке кабинет. Адамдардың бір жерде жиналуын болдырмау үшін қатаң қабылдау кестесі жасалды.

      Вакцинациядан бұрын мамандар міндетті медициналық тексеруден өтеді, коронавирусқа қарсы ревакцина алу алгоритмі түсіндіріледі.

     2022 жылдың 18 қаңтарында "QazVac"  ревакцинасын Қарағанды облысының ТЖД басшылығыда алды.

     Онымен бірге облыс ТЖ департаменті аппаратының қызметкерлері екпе алды. Жалпы Қарағанды облысының ТЖД 756 қызметкері қайта вакцинацияланды. Қызметкерлер екпелерді ерікті негізде алуда.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі