
Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан үш жеңіл көлік жанып кетті. Екі өрт Теміртау қаласында болды. Отрадное шағын ауданында 0,5 шаршы метр алаңда "БМВ-320" а/к салонында панел аспаптарының жанғыш бөліктері жанды. Ал кешке Брусиловский көшесінде 2 ш.м. алаңда тұрғын үйге жапсарлас салынған гараж ішіндегі "Audi А6" а/к мотор бөлігінде жанғыш бөліктері жанған.
Үшінші қоңырау "101" пультіне 13:13-те келіп түсті. Көлік Қарағанды қаласының Бұқар Жырау даңғылында өртенді. "Ауди-80" маркалы көліктің салонында панел аспаптары жанды. Өрт 13:27-де сөндірілді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қарағанды облысының ТЖД автокөліктерге автосервистерде уақтылы қызмет көрсетуді, оның техникалық жағдайын бақылауды және уақтылы техникалық байқаудан өтуді ұсынады. Сондай-ақ, машинада өрт сөндіргіш болуы керек және оны қолдана білу қажет.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөзьқызметі