Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері демалыс күндері 25 рет құтқару жұмыстарына шықты

Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері демалыс күндері 25 рет құтқару жұмыстарына шықты

      Өткен демалыс күндері, 15-16 қаңтарда Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері өрт сөндіруге және жану оқиғалары бойынша 9 рет, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде – 14 рет, іздеу жұмыстарына – 1 рет шықты. Онда 5 адам құтқарылып, 3 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 3 бала.

       Алдан-ала хабарланған дауылды ескертулерге қарамастан, Қарағанды облысының құтқарушыларына автожолдарда қалғандарға көмек көрсету туралы өтініш келіп түсуде.

    15 қаңтарда Осакаров ауданында "Осакаровка – Литвиновское – Тельманское – Молодежное" а/ж 68 км, Қарағанды облысы ТЖД күшімен  сағат 13-13 уақытта  техникалық жағынан бұзылған "Audi-80" автокөлігінен 3 адам 3 эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала. Медициналық көмекті қажет етпеді.

    Ұлытау ауданында, Қарсақпай а/о, "Бұрмаша" қыстағында 16 қаңтарда сағат 22-20-дан бастап ТЖД,  ПБ, туыстар және жергілікті тұрғындар күшімен 3 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, олар 16 қаңтар күні кешке сағат 18-00-де "Қаратөбе" қыстағына дейін жаяу жүрген. (олардың "Нива" автокөліктері қыстауқа жетпей тұрып қалған). 17 қаңтар күні таңертең сағат 09-30-да хабар-ошарсыз кеткендер Қарсақпай кентінен солтүстікке қарай 18 км жерде "Балбырауын" қыстағына жеткен. Медициналық көмекті қажет етпеді.

      Қазіргі уақытта, Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту әрекет етеді!

     Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: төмен температура, жолдардың қар басуы, көктайғақ, көрінуді шектеу жағдайында халыққа, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтықтарға сапарлар мен жорықтардан аулақ болуды  ұсынады.

 

Қарағанды облысы ТЖД Баспасөз қызметі