Мемлекеттік тіл курсын аяқтағаны туралы сертификат алды

Мемлекеттік тіл курсын аяқтағаны  туралы сертификат алды

 

    Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы  Депаратмент бастығының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі  №182 бұйрығына сәйкес «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен» бірлесіп Департамент аппаратының және ведомстволық бағынышты мекемелерінің 15 қызметкерін 2021 жылдың 27 қыркүйегі мен 22 желтоқсан аралығында мемлекеттік тілді оқыту курсын ұйымдастырды. Курсты оқыған қызметкерлер қорытынды эмтихан тапсырып, 30 желтоқсан күні курсқа қатысушыларға Департамент бастығы полковник М.Қ.Қатпанов сертифат табыстады.