
11 қаңтарда жедел кезекшінің пультіне құтқарушылардың көмегі шұғыл қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. 2008 жылы туылған қыз баланың саусағындағы сақина алынбай, саусақтың ісінуі әкеліп соққан. Кезекші ауысым дереу оқиға орнына шықты. Слесарлық құралдың көмегімен сақина зардап шегушінің саусағынан алынды.
Құрметті азаматтар, саусақтың фалангасын ұзақ уақыт қысу және оның ісінуі жансыздануына, терінің іріндеуіне және тіпті ампутацияға қауіп төндіреді. Сондықтан медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажет.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі