
Қарағанды облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында "Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану қағидалары туралы"тақырыбында брифинг өтті.
Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Н.Жақыпбаевтың айтуынша, жаңа жылдық мерекелер кезінде ТЖ қызметкерлері үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті мәселе болып табылады.
Дәл осы кезеңде өрттің пайда болуына ықпал ететін қосымша жағдайлар туындайды. Дәстүрлі түрде мереке күндері іс-шаралар өткізіліп, халық мерекелік гирляндалар мен түрлі пиротехникаларды белсенді пайдаланады. Дәл осы кезеңде оларды қолдану салдарынан өрттің пайда болу, күйік пен жарақат алу ықтималдығы артады.
Мерекелеу кезеңінде, өткен жылдың 2020 жылғы 31 желтоқсанынан бастап 2021 жылы 3 қаңтардағы облыс аумағында 65 өрт оқиғасы орын алды. ТЖД бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге он жеті рет шықты, онда 19 адам құтқарылды, оның ішінде 16 адам эвакуацияланды. Орын алған өрттердің негізгі себептері: отты абайсыз пайдалану, пештер мен түтіндіктерді дұрыс пайдаланбау, электрондық құрылғылардың ақаулығы және пиротехникалық бұйымдарды абайсыз қолдану. Еске сала кетейік, 2020 жылы Қарағандының "Көгілдір тоғандар" шағын ауданында, көп қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт орын алған болатын, оның себебі пиротехникалық бұйымдарды абайсыз қолдану болды. Қуанышқа орай, ол кезде құрбан болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ.
Осыған байланысты, Департамент полиция департаментінің ЖПҚ-мен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды өткізу орындарында рұқсат етілмеген пиротехника саудасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бұл ретте азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері профилактикалық жұмысты ғана жүзеге асырады.
Бүгінгі күні облыста 41 рейд ұйымдастырылды, оның барысында 748 адамды қамтумен 24 нұсқаулық өткізілді. Сонымен қатар, тұрғындарды пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану ережелеріне, сондай-ақ өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдарға ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Брифинг барысында жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптары айтылды. Жаңа жылдық мерекелер кезінде жарақаттануды болдырмау үшін ересектер мен балаларға отшашулар мен петардаларды іске қосу кезінде белгілі бір ережелерді сақтауды ұсынды. Ең бастысы-нұсқаулықты мұқият оқып шығу және оның талаптарын дәл орындау. Мүмкін болатын төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін Департаменттің жеке құрамы жаңа жылдық іс-шаралар кезеңінде қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылатын болады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі