Әріпстес- футболшыларды құттықтады

Әріпстес- футболшыларды құттықтады

14 желтоқсан Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері жүлдегерлердің салтанатты кездесуін ұйымдастырды.
Өрт сөндіру қызметінің акт залында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Еске сала кетсек, 8 желтоқсан күні ТЖ департаментінің ұйымдастыруымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қарағанды облысының құқық қорғау және күш құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өткен болатын. Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар Департаменті командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар, 13 желтоқсан Геннадий Головкин атындағы "GGG" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қарағанды облысының құқық қорғау және сот органдары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған футзал бойынша ашық біріншілігі өтті. Бұл жолы жарысты полиция департаменті ұйымдастырды. Осы жердеде Қарағанды облысы ТЖД құрама командасы жүлделі бірінші орынға ие болды.
Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Евгений Лохнов барлық гарнизон атынан спортшыларды лайықты жеңісімен құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен кубоктарды салтанатты түрде табыс етті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!