Қарағандыда өрт сөндіруші-құтқарушыларға жаңа техниканың кілті табысталды

Қарағандыда өрт сөндіруші-құтқарушыларға жаңа техниканың кілті табысталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысы ТЖ департаменті өзінің техникалық базасын толықтырды.
Бүгін №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында жаңа өрт-құтқару техникасын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Облыстық бюджет есебінен сатып алынған төрт автокөліктің кілтін облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин тапсырды.
"Техникалық жарақтану деңгейін арттыру – біздің өңірдің қауіпсіздігін нығайту ісіндегі өте маңызды қадам", - деп атап өтті В.Басин.
Жаңа өнімдердің арасында заманауи жанармай құюшы, АЦ-5-40 IVECO Euro Cargo ML190 екі автоцистернасы, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі бар.
Жаңа автоцистерналар биік нысандардағы өрттерді сөндіру үшін жоғары қысымды автономды сорғы қондырғысымен жабдықталған. Дербес жауынгерлік бірліктер ретінде, сондай-ақ бір немесе бірнеше басқа автоцистерналармен "соруға" жұмыс істеу кезінде сорғы қондырғылары ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Катпанов жаңа техника үшін алғысын білдіріп, алынған техника құтқару бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыратынын атап өтті. "Құтқарушылар күштері алдағы уақытта да төтенше жағдайлардан болатын шығындар мен залалдың алдын алуға және оны барынша азайтуға бағытталатын болады", - деді өз сөзінде М.Катпанов.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында ерекше көзге түскен қызметкерлерге наградалар табыс етілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ пандемияға қарсы күрестегі жемісті жұмысы үшін ТЖД бес қызметкері "Халық алғысы"медалімен марапатталды:
Айдарбек Ерлік Тұрысбекұлы
Бобжонов Бозмамад Жоликович
Дуйсембеков Марат Булегенович
Сағымбек Нұржан Базарбайұлы
Рахтаев Алданыш Ермекұлы
Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты он төрт қызметкер "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды:
Қатпанов Мұрат Кенесұлы
Ахметжанов Ақылбек Қосманұлы
Байгазиев Ербол Жақангерұлы
Бекбосынов Нұрлан Сәкенұлы
Интуев Нұрмұхаммед Серікұлы
Капизов Қайрат Базарбайұлы
Қонырбаев Арман Мұратұлы
Лохнов Евгений Владимирович
Моисеев Андрей Валериевич
Мурсалимов Гинаят Аукенович
Осадчая Елена Ивановна
Төлеуғалиев Ләззат Төлеуғалиқызы
Трещёв Олег Юрьевич
Якубов Руслан Сайдыевич.
Жеті қызметкер Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды:
Қуанбаев Дархан Жалелович
Жапишев Нурсултан Алькешович
Гаврильков Владимир Ильич
Несібай Темірлан Арғынғазыұлы
Абдикаримов Акжан Калкаманович
Зияда Елдос Араратұлы
Ускенов Дамир Болатұлы.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.