
8 желтоқсан күні "Жастар" спорт кешенінде Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қарағанды облысының құқық қорғау және күш құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өтті.
Айта кету керек, турнир Қарағанды облысы ТЖД басшылығы, Департамент бастығы Мұрат Қатпанов және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Евгений Лохновтың бастамасымен өткізілді.
Турнирге 8 команда қатысты, оның ішінде ТЖД, ПД, ҚАЖД, ОРТАЛЫҚ ӨҚ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, ҰҚКД, ІІД Академиясы және Қарағанды қаласының ПБ.
«Құрметті генерал мырзалар, офицерлер, әріптестер және турнирге қатысушылар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қарағанды облысының құқық қорғау және күш құрылымдары арасындағы футболдан ашық турнирінде қарсы алуға қуаныштымын.
Тәуелсіздік күні бұл бостандық, күш пен өркендеуді білдіретін улкен мереке. Әр ел мен оның азаматы үшін бұл өте маңызды күн.
Қазіргі таңда ынтымағы мен татулығы жарасқан мемлекетімізде, барлығымыз бірдей, көк байрағымыздың астында, еліміздің қарқынды дамуы мен тыныштығын сақтау бағытында еренбей тер төгіп келеміз. Еліміздің одан әрі гулденіп, көркеюі жолында бірлесіп еңбек етіп мемлекетіміздің мәртебесі мен абыройын әлемге асқақтата беретінімізге сенімдімін.
Осындай дүбірлі додалар қызметкерлер арасында спортты дамытуда, даңқты дәстүрлерді нығайтуда, ойыншылар арасында құрметті қарым-қатынас орнатуда маңызды екені мәлім.
Жарыс жоғары деңгейде өтуін, командаларға лайықты жеңістер, барлық қатысушыларға спорттық мерекеден ұмытылмас әсер алуды тілеймін»- деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мұрат Қатпанов.
Финалда Қарағанды облысының ТЖД және ҚАЖД командалары кездесті
Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар Департаменті командасы жеңіп алды, 2-орын – Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті иеленді, ал 3 – ші орын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменті командасына бұйырды.
Сонымен қатар келесі номинациялар анықталды: Үздік қақпашы ҚАЖД командасынан Курмангалин Мақсат, Үздік қорғаушы - ҰҚКД командасынан Жұмкенов Асқар, ең үздік ойыншы – ҚАЖД командасынан Карибай Мадияр және ең үздік бомбардир- ТЖД командасынан Каригулов Дамир деп танылды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен, грамоталармен марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі