
"Ұстаз - ұлы қызмет", - деген ұлт қаһарманы Б.Момышұлы.
Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің 90 жылдығына орай 2021 жылдың 2 желтоқсанында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары ұқызметінің Жедел - құтқару жасағының құтқарушылары колледжге барды. Студенттермен кездесіп, оларға құтқарушының күрделі, қауіпті, бірақ сонымен бірге қызықты жұмысы туралы айтып берді. Қызықты кездесуден кейін естелік сыйлықтар – өрт сөндіруші мен тыныс алу аппараты табыс етілді. Кездесу көтеріңікі көңіл күйде өтті. Студенттер риза, біз де қуаныштымыз!
Біз колледж әрқашан даңқты болатынына және егемен елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің мерейтойымен!!!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі