
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 30 жылдығын және Қарағанды облысы прокуратурасының 85 жылдығын мерекелеуге орай, 2021 жылы 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында алғаш рет Қарағанды облысының құқық қорғау ведомстволары, сондай-ақ азаматтық тұрғындар арасында штанганы жатып көтеру және ауырлатылған қоссырақта тартылу бойынша ашық чемпионат өткізілді.
Ауырлатылған қоссырақта тартылу бойынша 105 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қарағанды облысы ТЖД 3-МӨСБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Виталий Ромащенко бірінші орын алды. 83 келіден жоғары санатта екінші орынды "Өрт сөндіруші" АҚ Қарағанды облысы филиалының 10-ӨАЗБ өрт сөндірушісі Еркебаев Аманжол Болатұлы жеңіп алды.
Ауырлатылған қоссырақта тартылу бойынша қосымша салмақпен 66 келі салмақ дәрежесінде ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Сергей Владимирович Килих үшінші орынды иеленді.
Сонымен қатар, жатып көтерілу тәртібінде 105 килограмнан астам салмақ дәрежесінде 52859 ә/б ефрейтор Абдрофиков Равиль Ильщатович екінші орынды жеңіп алды.
Чемпионатқа барлығы 85 адам қатысты.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі