
2021 жылғы 19-21 қараша аралығында Нұрсұлтан қаласында бокстан ашық республикалық турнир өтті. Турнирге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері капитан Мухамедрахим Нуркеев қатысты. 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен әріптесіміз бірінші орынға ие болды.
Мұхамедрахим бала кезінен грек-рим күресімен айналысқан, қазір үстел теннисімен, аралас жекпе-жек және бокспен айналысады!
Сонымен қатар ол Қарағанды облысының Өрт-құтқару спорты бойынша аға жаттықтырушысы болып табылады!
Жеңісіңізбен құттықтаймыз және үлкен жетістіктер тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі