
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Қарағанды қаласындағы "Ануар" сауда үйінде №1 және №7 өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен "Адамдар көп жиналатын объектілерде өрттерді сөндіру"тақырыбында өрт-тактикалық сабақ өткізілді.
Тактикалық жоспарға сәйкес, шартты өрт сауда үйінің екінші қабатында болған. Өрт сөндірушілер зардап шегушіні ес-түссіз күйде тауып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды. Оқиға орнында зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейіннен орта дәрежелі улы газбен уланған ауруханаға жатқызылды.
Оқу-жаттығу барысында өрт туындаған кездегі персоналдың іс-қимылы, өрт сөндіру күзеті бөлімшелері келгенге дейін адамдарды эвакуациялауды жүргізу және шақыру орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыру пысықталды. Сондай-ақ, адамдарды эвакуациялау тәртібі бойынша объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл, бөлімшелерді жедел ден қою, бөлімшелердің жеке құрамының дабылы бойынша жинау және шығу, жылыту пунктін өрістете отырып, келетін күштер мен құралдарды орналастыру, өрт оқпандарын бере отырып барлау және жауынгерлік өрістетуді жүргізу, магистральдық желіні сала отырып, өрт сөндіру су көзіне өрт сөндіру автомобилін орнату пысықталды.
Оқу-жаттығуларға өрт сөндіру-құтқару гарнизонының 36 адамы жұмылдырылды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы "Ануар" сауда үйіндегі ірі өрт қарағандылық кәсіпкерлерге үлкен залал келтіргенін еске саламыз. 29 мамырдан 30 мамырға қараған түні ғимаратта 10 бутик өртенді. Онда 95 өрт сөндіруші жалынды үш сағат ішінде жойған болатын. Өрт аумағы 1500 шаршы метрді құрады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі