
Статистика тұрғын үйлердегі өрттерден адамдардың қаза болуының басым себебі азаматтардың қауіпсіздік шараларын білмеуі немесе адами фактор деп аталатындар – азаматтардың абайсыз әрекеттері, елемеуі болып табылатынын көрсетеді,.
Теміртау қаласының ТЖБ тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 жасағымен бірлесіп, 12-16 қараша аралығында қаланың ірі сауда объектілері иелерінің жәрдемдесуімен адамдар көп жиналатын объектілерде өрттердің алдын алуға бағытталған "Қауіпсіздік үшін бірге" ауқымды акциясы өткізіледі. Акцияға ҚР Қызыл Жарты Ай ҚБ ҚФ және "Sunny" еріктілер орталығының еріктілері белсенді қатысуда.
Акция шеңберінде ірі сауда үйлерінің бірі - "Әлем"-де өрт-техникалық оқу-жаттығуы өткізілді. Сауда обьектілеріне өрт-техникалық тексерулер, жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт болған жағдайдағы іс-қимылдар туралы қызметкерлерімен нұсқаулықтар жүргізіледі.
Сондай-ақ бутиктер кассаларында өртке қарсы тақырыпта жадынамалар тарату ұйымдастырылды. Балалар тауарлары бар бөлімдерде ата-аналарға балалардың қауіпсіз мінез-құлқы туралы ұсыныстары бар "Балаларды жалғыз қалдырмаңыз" жапсырмалары орналастырылған.
Акцияға барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз!
Құтқарушылар еске салады: автономды өрт хабарлағыштардың жұмыс қабілеттілігін тексеріңіз, ал олар болмаған жағдайда – тұрғын үй-жайларда үй иелігін орнатыңыз. Жылыту жабдықтары мен электр сымдарының жарамдылығына назар аударыңыз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтарға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін жауапкершілік олардың меншік иелеріне жүктелгенін есте сақтаңыз.
Сондай-ақ, акция аясында азаматтарға консультативтік көмек ретінде аумақтық органдар мен төтенше жағдайлар бөлімшелеріне объектілердің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізу үшін жүгінуді ұсынамыз.
Қарағанды облысы ТЖД Баспасөз қызметі