Қарағандыда "Қыс-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Қарағандыда "Қыс-2021"  Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

2021 жылғы 11-12 қараша аралығында республикада "Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау" тақырыбында "Қыс-2021" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу шеңберінде ел өңірлерінде электр дабылдарын іске қосумен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады. Бұл іс-шара «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналына әрекет ету тәртібін халыққа сіңіру мақсатында өткізіліп отыр.
Оқу-жаттығудың бірінші күні 11 қарашада Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбек пен ТЖ департаментінің бастығы М. К. Катпанов, облысының Азаматтық қорғау авариялық-құтқару құрамаларының, жылжымалы басқару пунктінің және шатырлы лагерьдің әзірлігін тексерді.
Авариялық-құтқару қызметтерінің құрамына кіретін ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің жедел-құтқару құрамалары, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі қолда бар күштер мен құралдардың дайындығын көрсетті.
Далалық басқару пунктінің жұмысы көрсетілді, онда қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған штабтық шатыр, медициналық қамтамасыз ету пункті, тамақтану пункті, жылыту және психологиялық көмек пункттері орналастырылды. Сондай-ақ өтімділігі жоғары автомашиналар базасындағы жылжымалы байланыс тораптарының мүмкіндіктері көрсетілді.
Практикалық іс-шаралар шеңберінде авариялық-техникалық құралымдардың дайындық байқаулары өткізілді.
Дәл осы күні көпқабатты үйлердегі өртті сөндіру бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сонымен қатар жаңадан алынған АЦ техникасын сынап көрді.
Сондай-ақ барлық жерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, оның ішінде тас жолдардағы қар үйінділерін жою және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету бойынша практикалық шаралар пысықталды.
Тактикалық ой бойынша 3 адамнан тұратын аңшылар тобы Бұқар Жырау ауданының Новостройка ауылынан аң аулауға шығып, қатты қар мен бұрқасын нәтижесінде бағдарын жоғалтып, жоғалып кетті. Аңшылардың бірі пана тауып, ұялы байланыс арқылы "112" дағдарыс орталықтарын басқару телефонына қоңырау шалып, орналасқан жерінің координаттарын берді. Қалған екі аңшы көмек сұрап, елді мекендерге қарай жаяу жолға шықты.
Өрт сөндіру, зардап шеккендерді шығару, медициналық және психологиялық көмек көрсету, мобильді жылыту пункттеріне эвакуациялау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Үш бағыт бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін "Трэкол", "Вея" және кинологиялық есеппен "Ужгур" жоғары өтімді техникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу аймағына ауадан барлау үшін ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жіберілді.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі