
2021 жылғы 11-12 қараша аралығында елімізде "Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау" тақырыбында "Қыс-2021"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында жүргізіледі.
«Қыс – 2021» оқу-жаттығуы аясында республиканың барлық аумағында төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарын, авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау бөлімшелерімен тәжірибелік іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде өткізу бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді.
Оқу-жаттығу шеңберінде ел өңірлерінде электр дабылдарын іске қосумен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады. Бұл іс-шара «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналына әрекет ету тәртібін халыққа сіңіру мақсатында өткізіліп отыр. Осыған байланысты сабырлық сақтауларыңызды және үрейленбеуіңізді сұраймыз.