Қарағандылық құтқарушылар ірі жиһаз сауда орталығында шартты өртті жою бойынша оқу-жаттығу өткізді

Қарағандылық құтқарушылар ірі жиһаз сауда орталығында шартты өртті жою бойынша оқу-жаттығу өткізді

Жиһаз сауда кешендерінде жанғыш материалдар шоғырланғандықтан, олар өрттің көзі және оның тез таралуына себеп болуы мүмкін. Осы себепті өрт қауіпсіздігіне және объект қызметкерлерінің өртке қарсы қызметпен өзара іс-қимылын пысықтауға көп көңіл бөлінеді.
Бүгін Қарағанды облысы ТЖ Департаменті Қарағанды қаласындағы "Мебельвиль" сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Жоспар бойынша, ғимараттың екінші қабатында орналасқан сауда залының үй-жайында қысқа тұйықталу салдарынан өрт шықты. Өрт жанғыш материалдар арқылы тез тарала бастады.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сауда орталығының әкімшілігі жанып жатқан ғимараттан адамдарды эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Келген өрт сөндірушілер жедел штабты таратты. Ең алдымен, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарын жасақтап, жиһаз орталығының ғимаратына кіріп, имитацияланған өртті сөндіру және түтінді үй-жайлардан өз бетінше шыға алмаған адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. Олар күштер мен құралдарды жылдам және нақты орналастыруды, өрт ошағында барлауды, тыныс алу мүшелерін жеке қорғаныс құралдарында жұмысты, су көздеріне өрт сөндіру құралдарын орнатуды және өртті сөндіру үшін сөндіргіш затты жеткізуді пысықтады.
«Мұндай жаттығулар құтқару топтары үшін де, мекеме қызметкерлері үшін де өте маңызды. Өрт сөндіру қызметі мен дүкен әкімшілігінің өзара әрекеттестігі пысықталуда, бұл адамдарды эвакуациялау және өрттерді жою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Жұмысшылар төтенше жағдайда не істеу керектігін түсініп, оны іс жүзінде қолданса, оларға төтенше жағдайдан шығу оңайырақ болады. Сондай-ақ біз үшінде объектіні зерттеп, өрт сөндірушілер нағыз өрт болған жағдайда ғимараттарды жақсырақ бағдарлай алады», - деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Мұрат Қатпанов.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі