
3 қарашада Қарағанды қаласының "Умай" сауда үйінде үш өрт сөндіру бөлімшесінің: 1-МӨСБ, 7-ӨСБ, 11-ӨСБ жеке құрамымен "Адамдар көп жиналатын объектілерде өрттерді сөндіру"тақырыбында өрт-тактикалық сабақ өткізілді.
Тактикалық жоспарға сәйкес, сауда үйінің екінші қабатында шартты өрт болып, бір адам зардап шеккен.
Жеке құрамның алдына келесі міндеттер қойылды: өрт жағдайын сыртқы белгілері бойынша бағалау, өртке барлау жүргізу, жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағытын айқындау, сөндіру құралдарын, әдістері мен тәсілдерін таңдау, бөлімшенің тактикалық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану, өрт ошағын уақытылы табу, жою, адамдарды, тауарларды эвакуациялау.
Өрт-тактикалық міндеттерді шешу бойынша сабақтар-бұл өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамын нақты объектілерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге оқытудың негізгі нысаны.
Тактикалық міндеттерді шешу кезінде бөлімшелер мен қарауылдарды өрттерді сөндіру және адамдарды құтқару кезіндегі шебер және тактикалық сауатты іс-қимылдарға кешенді оқыту, өрт сөндіру басқармасында тактикалық дағдыны жетілдіру, жеке құрамның моральдық-ерік қасиеттерін және психологиялық орнықтылығын қалыптастыру және т. б. жүзеге асырылады.
Сабақ қорытындысы бойынша Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылығы жеке құрамның жұмысын бағалады. Өрт сөндірушілер қойылған міндеттерді орындады.