
Қарқаралы қ. №26 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ардақ Тойшыбековтың қызы – Аида самбодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның қоржынына алтын салды, онда ол Ресей, Украина және Латвиядан 80 кг артық салмақ дәрежесінде спортшыларды артта қалдырды. Жарысқа 26 елдің спортшылары қатысты. Бұған дейін Аида жастар арасында Азия чемпионы атанған болатын.
Чемпионның әкесі-Қарағанды облысы ТЖД Қарқаралы қаласы №26 ӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау старшинасы Тойшибеков Ардақ қызына әрдайым қолдау көрсеткен: "Аида бала кезінен мақсатқа ұмтылған ұқыпты қыз және бұл оның дербес шешімі болды! Мен оны жарыстарға жіберген кезде әрқашан қатты қобалжыдым. Қазір ол бойжетсе де, әр қашан қатты толқу болады, бірақ үнемі жетістігіне және жеңісіне сенемін!».
Қарағанды облысының ТЖД сізді тек қызметте ғана емес, сонымен қатар ата-ана міндеттерін адал орындап, қызыңыздың жақсы нәтижесі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Жеңісіңізбен құттықтаймыз және болашақта табыс тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі