
2021 жылғы 19 қазанда Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №3-МӨСБ акт залында конфессияаралық келісімді нығайту және экстремизмге діни төзбеушілік көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының шығу жоспарына сәйкес саналы тәртіпті қалыптастыру және экстремизмге діни төзбеушілік көріністеріне қарсы іс-қимыл және қызметкерлерді экстремистік діни ұйымдарға тартуға жол бермеу мақсатында бөлімшенің жеке құрамы арасында семинар ұйымдастырылды және өткізілді.
Бөлімнің жеке құрамы үшін семинарда "Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы" КММ оңалту бөлімінің басшысы, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қанаев Дәурен Шегениязұлы және дінтанушы, теолог Әбдірахман Ысқақ Рахымбекұлы сөз сөйледі. Олар дәстүрлі исламды түсіну, жалған дінмен айырмашылықты және жалған діни ағымдармен күресу тәсілдерін, дезинформацияның әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ оны жою бойынша әрекет етуді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында жеке құрам өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
"ӨСжАҚЖҚ" ММ № 3 МӨСБ
Қарағанды облысының ТЖД