
2021 жылғы 28-29 қазанда аралығында елімізде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарының, күштері мен құралдарының әзірлігі» тақырыбында «Зымыран-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге сәйкес және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды даярлау және жетілдіру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және оған басшылық ету жөніндегі штаб Қарағанды облысы ТЖД Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында орналастырылады. Оқу-жаттығудын басшысы – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі полковник Марат Күлдіков.
«Зымыран-2021» шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты туындаған ТЖ жою кезіндегі міндеттерді орындауға жалпы әзірлікті тексеру жоспарланған.
Барлық сұрақтар бойынша
Қарағанды облысы ТЖД
баспасөз қызметіне хабарлассаңыздар болады: 558887, 87013896265