Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жиналыс өтті

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жиналыс өтті

       Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 9 айындағы қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды. Жиналыс Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың төрағалығымен өтті.

2021 жылғы 9 айдың өткен кезеңінде өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері 9698 жедел шығу жасады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 22,6% - ға артты.

Өрттердің саны – 23,6% - ға азайды , жану жағдайлары бойынша – 44,2 % көбейген, жалған шақыртулар саны – 80 %, авариялық – құтқару жұмыстары-7,2 % артты.

Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы 327 адамды құтқарып, 834 адамды эвакуациялады.

Өртпен байланысты емес аварияларда 1392 адам құтқарылып, 208 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында Приозерск қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің сүңгуірлерін оқыту жиындарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Оқу-жаттығу жиындарына Ресей Федерациясының, Қырғызстан Республикасының, Қазақстан Республикасының нұсқаушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару жасақтары сүңгуірлерінің 35 құтқарушысы қатысты. Оқыту қорытындысы бойынша 35 құтқарушы сүңгуірге 1 және 2 топ мамандандырумен және су асты-техникалық жұмыстарын жүргізу мүмкіндігімен сертификаттар берілді. Сондай-ақ, 16 құтқарушы сүңгуірге сүңгуірлерді оқыту құқығына нұсқаушы біліктілігі берілді.

Қарағанды қаласы бөлімшелерінің барлық жеке құрамымен, сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің басшылығымен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатын дайындау және өткізу бойынша ауқымды жұмыс жасалды.

Жиналыс қортындысынан кейін ТЖД басшылығы тәртіпті, заңдылықты нығайту, қызмет өткеру кезінде өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алуға және өрттер мен аварияларда іс-қимылдарды орындауға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру бойынша бөлімшеге жұмыс дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі