Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы дөңгелек үстел

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы дөңгелек үстел

  Сауда нысандарындағы өрттердің, сондай-ақ адам өліміне әкеп соққан қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлердің, сондай-ақ сауда кәсіпорындарының иелерінің өрт қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

"Атамекен" ҰКП Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен және "Нұр Отан" партиясының филиалымен бірлесіп, жоғарыда көрсетілген объектілердің (сауда үйлерінің, базарлардың, дүкендердің және т.б.) иелерімен (өкілдерімен) 118 адамды қамти отырып, "өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі", "Жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігі шаралары", "адамдар жаппай болатын объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыптарында 12 "дөңгелек үстел" өткізілді. Іс-шаралар барысында СОО өкілдеріне бақылаудағы объектілердегі өрттердің қорытындылары жеткізілді, өрт туындаған жағдайда іс-қимылдар алгоритмі егжей-тегжейлі талқыланды, сондай-ақ өз объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрнекі тексеру жүргізу үшін ТЖД аумақтық бөлімшелеріне бастамашылық өтініштермен жүгіну ұсынылды.

Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген объектілер басшыларының атына өрт қауіпсіздігі шаралары туралы түсіндірмелермен және ғимараттар мен үй-жайларды өрт қауіпсіз жағдайда ұстау қажеттілігі туралы ұсынымдармен 165 Ақпараттық хат жолданды.

 

ТЖД МӨҚБ бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

Еременко Н.