
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бұйрығымен Қаражал қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып азаматтық қорғау майоры Азамат Ғабдуалиұлы Окумов тағайындалды.
Окулов А.Ғ. 1983 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын өзінің туған ауданында ТЖ бөлімінің инженері болып бастаған. Қаражал қаласының ТЖБ бастығы болып тағайындалғанға дейін Жаңаарқа ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі