Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті. Отырыс барысында шомылу кезеңінің қорытындылары мен "Зымыран" РКШО өткізу мәселелері мен қысқы кезеңге дайындық талқыланды.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов қаралған мәселелер бойынша жалпы баяндама жасады.
Шомылу кезеңі ыстық ауа райы жағдайында өтті. Барлық жерде суда қаза болудың алдын алу бойынша шаралар кешені өткізілді. Қауіпті учаскелерде 215 тыйым салу белгісі орнатылды. Су айдындарында және табиғи жағажайларда көпшілік демалатын орындарда профилактикалық рейдтер мен патрульдер жүргізілді. Өткізілген іс-шаралар кешеніне қарамастан, жыл басынан бері су айдындарында 54 адам апатқа ұшырады, оның ішінде 23 адам құтқарылды, 31 адам қайтыс болды. Жағдайлардың 94% құтқару бөлімшелері жоқ, суға шомылу үшін жабдықталмаған орындарда болған.
Өңірді қысқы кезеңге дайындау мәселесі бойынша ТЖД бастығы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық ішкі жүйесі а.ж. 1 қарашасынан бастап жоғары дайындық режиміне ауыстырылатынын атап өтті.
Қысқы кезеңде 3 мыңнан астам адам мен 1300-ге жуық техника көлемінде күштер мен құралдарды іске қосу жоспарлануда.
Мұрат Қатпанов сондай-ақ қысқы кезеңдегі проблемалардың бірі тұрғын үй секторындағы өрттер және пешпен жылыту кезеңінде улы газбен улану болып табылатынын атап өтті.
Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен улы газбен уланудың қайғылы салдарының қаупін азайту мақсатында көп балалы, аз қамтылған отбасылардың және жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйлерінде 2972 түтін датчиктері мен улы газ датчиктері орнатылды.
Әкімнің орынбасары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшыларын тыңдады.
Кеңес қорытындысы бойынша коммуналдық жағажайларды құру, қысқы кезеңінің қауіпсіз өтуін барынша қамтамасыз ету және "Зымыран-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі