Ардагерлерді қолдау - Қарағандылық құтқарушылар үшін қалыптасқан дәстүр

Ардагерлерді қолдау - Қарағандылық құтқарушылар үшін қалыптасқан дәстүр

Қарттар күнін тойлау аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай органдарының ардагерлерін құттықтады.
Құтқарушылар еңбек демалысындағы әріптестерінің үйлеріне барды. Ардагерлерге сыйлықтар беріліп, баға жетпес тәжірибе мен даналық үшін алғыс айтты.
Құтқарушылар барлығы 19 ардагерді құттықтады.
Ардагерлерге бару қызметкерлеріміз үшін дәстүрге айналған. Жұмыс істеп жүрген қызметкерлер зейнеткерлерге тек мереке күндері ғана емес, мерейтой күндері де барады. Сонымен қатар, ардагерлерге қажет болған жағдайда үй маңындағы аумақты қардан тазалауға, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге және т. б.  қажет көмектер көрсетіледі.
"Қарты бар елдің қазынасы бар" деген асыл сөзді халқымыз бекер айтпаса керек. Қай кезде де халқының тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болсын!