Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман!

Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман!

Өрт сөндіруші мамандығы жер бетіндегі ең қауіпті мамандықтардың бірі болып саналады. Өйткені олар күн сайын адамдарды құтқару жолында өз өмірлерін қатерге тігеді. Өкінішке орай, қызметтік міндеттерін орындау барысында біздің де қызметкерлеріміз қаза тапқан болатын.
Соңғы қайғылы оқиға осы жылдың 26 тамызында орын алды. Әскери бөлім қоймасындағы өртті сөндіру кезінде 17 адам қаза тапты, оның ішінде Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері де бар.
Біз басқаларды құтқару жолында өз өмірлерін қиған батырларымызды қайғыра еске аламыз.
Қаза тапқан батырлардың ерлігін еске алу үшін Қарағанды облысының қалалары мен аудан орталықтарында баннерлер орнатылды.
Өкінішке орай, Қарағанды облысы ТЖД тарихында да қызметтік міндеттерін орындау кезінде құтқарушылардың қаза болу фактілері тіркелген. Біздің 11 қызметкеріміз қызметтік борыштарын өтеу барысында өмірлерін қиды.
Сіздердің жанқиярлықтарыңыз бен батырлықтарыңыз біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі