
Соңғы жылдары Қарағанды облысының аумағы бойынша қатты жел соғу жиі байқалады. Қатты екпіндерге байланысты ғимараттардың шатырлары, ағаштардың құлауы, электр желілері және т. б. бұзылады.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында дауылды жел екпіні кезінде 18 нысанда шатырлардың бұзылу жағдайлары орын алды, олардың көпшілігі жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ ескі және ұзақ пайдалану мерзімі бар ғимараттар.
Шатыр жабынының бұзылуының негізгі себебі құрылыс кезінде мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтамау, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілмеуі.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті шатыр элементтерін ауыстыру немесе нығайту бойынша алдын ала шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Желдің әсерінен шатыр құрылымының бөліктері мен қосылыстары әлсірейді, бұл ерте ме, кеш пе оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Қауіпті метеорологиялық құбылыстар кезінде сақтық шараларын сақтауды, сондай-ақ 112 қызметінен дауылды ескертулер туралы келіп түскен СМС хабарламаларды ескерулеріңізді сұраймыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі