
2021-2022 жж. жылыту маусымы қарсаңында Қарағанды облысының аумағында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аулаларды аралау және жиындар арқылы тұрғындармен жылыту құралдарын қысқы кезеңде ұзақ пайдалануға дайындау қажеттілігі, тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, электр қыздырғыш және газ аспаптарын пайдалану туралы нұсқаулықтар мен әңгімелер өткізіледі.
Халықты барынша қамту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері пайдаланылады. ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Андрей Моисеев осы тақырыптағы облыстық «SARYARQA» телеарнасының «Үаqyt.kz» бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама барысында азаматтарға тұрғын үй секторындағы өрттердің, жылыту кезеңіндегі өрттердің шығу себептері туралы мәлімет берілді, сондай-ақ азаматтарды қызықтырған сұрақтарға, атап айтқанда, электр жылытқыштардың түрлері туралы, улы газбен улануды қалай болдырмау, тұрмыстық газ жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы, сондай-ақ өрт кезіндегі іс-қимылдар туралы сұрақтарға жауаптар берілді.
Бағдарлама соңында азаматтарға өрттің алдын алу үшін қандай өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау керектігі туралы ұсыныстар берілді.
ТЖД МӨББ бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі
Ерёменко Н.Н.