Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатын өткізуге белсенді қатысқан өңірлік ұйым басшыларын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Басин В.Б., Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Бикенов Н.Р, «Шахтер» КМҚК директоры Мазитов В.Н., «Аэропорт «Сары-Арқа» АҚ басқарма төрағасы Көшкенов С.М., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Дулатбеков Н.О., Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Ибатов М.К., «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры Исаев Д.Б., Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Залыгин Ю.Л., Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жұмакенов Е.Қ., және басшының орынбасары Оспанова С.У., Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Абылаев Т.С., Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Үсенов Ұ.Т., Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тоқсамбаев Г.С., Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Құсайын Е.Б., Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Аблаева Т.Ю., өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI Әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионаты кезінде өз құзыретінде қажетті көмек көрсеткендері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, 1-5 қыркүйек аралығында кәсіби спорт түріндегі біріншілігі үшін тоғыз елден 14 команда әділ күресте жарысты.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар шабуыл сатысымен көтерілуден, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден, жауынгерлік қанат жаюдан және 4-тен 100 метрге дейінгі өрт эстафетасынан жарысты.
Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында жалпы есепте Беларусь Республикасының құрама командасы әлем чемпиондары атанды. Екінші орынды Ресей Федерациясының құрамасы жеңіп алды. Үздіктер үштігін Чех Республикасының командасы түйіндеді.
Жалпы есепте ерлер арасында Беларусь Республикасының құрама командасы әлем чемпиондары атанды. Екінші орында Чех Республикасының командасы. Құрметті үшінші орынды Ресей Федерациясының командасы иеленді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаю кезеңінде қола медальға, ал Қазақстанның ерлер құрамасы осы кезеңде алтын медальға ие болып, жауынгерлік қанат жаюдан 3 дүркін әлем чемпионы атанды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі