Үйлесімді және жедел жұмыс үшін алғыс

Үйлесімді және жедел жұмыс үшін алғыс

Өртке қарсы қызмет қызметкерлері күн сайын өрттермен, авариялық жағдайлармен бетпе-бет келеді және басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігуге тура келеді. Олардың еңбегі үшін жеделдік, кәсібилік және жай ғана адамның қолдауы үшін алғыс хаттар келеді.
Бұл жолы Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне Долинка кентінің тұрғынынан хат келіп түсті, онда Максим Калинкин 2021 жылғы 31 тамызда өртті сөндіруді жүзеге асырған өрт сөндірушілерге алғыс сөздерін білдірді.
31 тамызда Долинка кентінде үйлердің бірінде өрт шықты. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына келіп, жағдайды бағалап, өртті 31 минут ішінде тез арада жойып, оның көрші үйлерге таралуына жол бермеді.
«Өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне, атап айтқанда «ӨСжАҚЖҚ» ММ 3-МӨСБ 3 қарауылына жеделдік пен адалдығы үшін өрттің үйге таралуына жол бермегені үшін алғысымды білдіргім келеді. Мекен-жайы Долинка кентінің 2 тұйық көшесі, 5 үй» - делінген алғыс хатта.
«Азаматтардан бұндай алғыс сөз есту қуантады. Біз жай ғана өз жұмысымызды орындадық»,- деп бөлісті №3 МӨСБ бастығы Берік Рахымжанов.
Өзгелерді құтқаруда өз өмірлерін қатерге тігетін адамдар үшін шынайы ризашылық сөзден артық құрмет жоқ.

Нұрайым Кенжехан
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі