6 қыркүйекте Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Федерациясы және ҚР Қызыл Ай Ұлттық қоғамы өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің еріктілері де қатысты.
Кездесу қызу әңгіме түрінде өтті, онда әрбір қатысушы өз пікірін білдіріп, қандай да бір мәселелерді шешу тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында Қоғамдық Бірлестік пен Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті арасындағы өзара қатынасу және ТЖ салдарын жою бойынша іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында Департамент пен қоғамдық бірлестік 2018 жылы қол қойылған Келісім шеңберінде, атап айтқанда, бірлескен оқу-жаттығулар, волонтерлерді даярлау бойынша семинарлар өткізу, маусымдық бағыттағы түрлі алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде одан әрі ынтымақтастық нығайту туралы шешім қабылданды.
Қарағанды облысының ТЖД
МӨББ бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі
Еременко Н.