Қарағанды облысында дала өрттерімен күрес жалғасуда

Қарағанды облысында дала өрттерімен күрес жалғасуда

Бүгін түнде, 27 тамызда сағат 01:57-де Абай ауданының Құлайғыр ауылдық округінде ірі дала өрті жойылды. Дала жануы туралы хабарлама 25 тамыз күні сағат 19:26-да түскен болатын. Өрттің жалпы аумағы 900 га құрады. Оны сөндіруге Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (86 адам, 11 бірлік техника), ҚР ҚМ 36352 әскери бөлімінің (100 адам, 6 бірлік техника) және өртке қарсы ерікті құралымдардың (10 адам мен 2 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте Шет (Ақжал ауылдық округі), Ұлытау (Амангелді ауылдық округі), Осакаров (жақын Молодежный), Қарқаралы (Қоянды селолық округі), Бұқар Жырау (Акбелский ауылдық округі) аудандарында құрғақ шөп жануының 5 жағдайы жойылды. Өрттердің ауданы 5-тен 48 га дейін аумақты құрап отыр.
Нұра ауданының Ақмешіт ауылдық округінде және Ұлытау ауданының Амангелді ауылдық округінде 26 тамызда тіркелген дала жануының сөндіру әлі жүргізілуде. Жоюға ТЖД бөлімшелері, өртке қарсы ерікті құралымдар, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша Ұлытау шаруашылығы жұмылдырылған.
Дала өрттерін сөндіру желдің салдарынан қиынға соғады. Өрт желдің әсерінен тез таралып, аз уақытта үлкен аумақтарға жайылады.
Ал су көздерінің жақын маңда болмауы сөндіру процесін одан әрі қиындатады. Суды толтыру үшін техника бірнеше километрге жүруі керек, соның салдарынан өртті жедел түрде сөндіру мүмкіндігі бола бермейді.
Табиғи өрттердің көпшілігі арнайы техникалар өтуге қиын жерлерде пайда болады, сондықтан көбіне сөндіру процесі қолмен жүзеге асырылады. Яғни, адам жоғары температура мен қатты түтін болатын отқа жақындайды. Сондай-ақ, тегіс емес жерлерде жаяу жүруге көп күш жұмсалады.
Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап Қарағанды облысы аумағында жалпы алаңы 64789 га 317 дала өрттері және жану оқиғалары және 29 орман өрттері тіркелді.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады! Өрт қаупі бар кезең жалғасуда және отты пайдалануда барынша сақтықты талап етеді!