
Өткен тәулікте 24 тамызда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 56 рет құтқару жұмыстарына шықты, оның ішінде өрттер мен жануларды сөндіруге 50 рет, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 6 рет. Оның барысында 3 адам құтқарылып, 9 адам эвакуацияланды.
Абай ауданының Ақбастау ауылдық округінде дала өрті жойылды. 24 тамыз сағат 13:33-те Ақбастау селосынан 15 км шығысқа қарай өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы ауданы 1600 га аумақта бірнеше ошақтарда құрғақ шөптің жануы болды. Өрт сөндіруге ТЖ департаментінің 38 адамы мен 4 техникасы, өртке қарсы ерікті құралымдардың 32 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт 25 тамызда сағат 07:24-те сөндірілді.
Бір күн бұрын осы ауылдық округте құрғақ шөп жанып кеткен болатын. Өрттің жалпы ауданы 1300 га құрады. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің, ерікті өртке қарсы құралымдардың, шаруа қожалықтарының, жергілікті атқарушы органдардың 60 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылды.
Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінде 46 га алаңда құрғақ шөп өртенді, өрт ерікті өрт сөндіру құрамаларының және Ақтау ауылының өрт сөндіру бекетінің күштерімен жойылды.
Өткен тәулікте Шет, Бұқар жырау, Абай және Жаңаарқа аудандарында барлығы 6 дала өрттері және жанулары жойылды. Өрт алаңы 10-нан 1600 га-ға дейінгі аумақты құрады.
Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап Қарағанды облысы аумағында жалпы алаңы 61630 га астам 298 дала өрттері мен жанулары тіркелді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі