Табиғи өрттерді алдын алу және жою жұмыстары жалғасуда

Табиғи өрттерді алдын алу және жою жұмыстары жалғасуда

Соңғы 10 күнде Қарағанды облысының аумағында жалпы ауданы 599 га 21 дала жануы тіркелді (Бұқар Жырау - 7, Ұлытау – 4, Ақтоғай – 3, Шет, Нұра - 2, Абай және Осакаров – 1).
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыс аумағында барлығы тіркелді:
- жалпы ауданы 77,834 га орман өрттерінің 23 фактісі, оның ішінде орман жабылған аумақ 34,283 га;
- жалпы алаңы 58 мың гектардан астам дала өрттері мен жануларының 261 фактісі.
Өткен жылмен салыстырғанда барлық көрсеткіштер бойынша өсім байқалады.
Табиғи өрттердің туындауының негізгі себептері адами фактор болып табылады. Сондай-ақ, көптеген жағдайларда табиғи өрттер құрғақ найзағайдың салдарынан болады.
Тұрақты жылу мен құрғақ ауа-райы үлкен жылдамдықпен жердің орасан үлкен аумағына таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар, облыс аумағының кеңдігі, өрт сөндіру техникасының өтуі үшін дала массивтерінің қол жетімділігі және жақын жерде су ресурстарының болмауы өртті сөндіруді қиындатады. Осы қиындықтарға қарамастан, өрттерді сөндіру шаруа қожалықтарының, ТЖД бөлімшелерінің, әкімдіктердің, ерікті өрт сөндірушілердің бірлескен күшімен жедел жүргізіледі.
Табиғи өрттер мен жануларды болдырмау мақсатында ТЖД бөлімшелерінің, полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың және орман мекемелерінің қызметкерлерінен 45 мобильді топ құрылды.
Мобильді топтармен барлық жерде рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Азаматтардың табиғаттағы демалыс орындарына ерекше көңіл бөлінеді. Өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп ережелерін бұзу анықталған жағдайда азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері мобильдік топтар 844-тен астам адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ауылдық округ әкімдеріне өрт қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы 121 ескерту берілді.
Күн сайын халықты қауіпсіздік шаралары, өрт қауіпті кезең жағдайындағы мінез-құлық ережелері туралы хабардар ету бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. 300-ден астам жиын, 11000-нан астам адамды қамтыған 900 нұсқаулық өткізілді.
Осы бағыттағы жұмыстар жазғы өрт қауіпті кезең бойы жүргізілетін болады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі