16 тамызда сағат 18:00-де Жезқазған қаласындағы Гагарин көшесінде үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылғы бала абайсызда 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Бұл жыл басынан бері Қарағанды облысының ТЖД тіркелген 22-ші оқиға.
Балаларды күшейтілген қадағалау қажеттілігі туралы еске саламыз.
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
- Бала терезенің алдына шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынан алып тастаңыздар!
- Москит торына сенбеңіздер! Олар құлаудан қорғауға арналмаған!
- Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыздар!
- Егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз!
- Ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға үнемі түсіндіріңіздер!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі