Тыл еңбеккері мен өрт сөндіру күзетінің ардагері өмірден өтті Василий Иванович Древель

Тыл еңбеккері мен өрт сөндіру күзетінің ардагері өмірден өтті  Василий Иванович Древель

2021 жылғы 12 тамызда Ұлы Отан соғысы кезінде өрт сөндіру күзетінің ардагері, тыл еңбеккері Василий Иванович Древель қайтыс болды.

Василий Иванович 1932 жылы 01 қаңтарда Ресейде Омбы облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында бала кезінде ересектермен қатар колхозда жұмыс істеді.

1968 жылы Қазақ КСР-інің Қарағанды облысы Шахтинск қаласына көшіп келді. Мұнда Василий Иванович өрт күзетіне қызметке қабылданды, онда зейнеткерлікке шыққанға дейін өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі болып қызмет етті.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті және Қарағанды облысының «ТЖ органдарының Қазақстандық ардагерлер ұйымы» ҚБ филиалы өрт сөндіру күзеті ардагерінің туыстары мен жақындарының орны толмас қайғыға ортақтасады.

 

Қарағанды облысының ТЖД