
2021 жылғы 21-22 шілде аралығында Жезқазған қаласында бейбіт және соғыс уақытында ТЖ алдын алу және жою бойынша азаматтық қорғаудың қалалық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдары бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты ағымдағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдай аясында командалық-штабтық оқу-жаттығулар құралымдардың жеке құрамын жинау, практикалық және басқа да іс-шараларды өткізу бойынша кейбір шектеулермен өтті.
Осылайша, алғаш рет төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шараларды оқу-жаттығуларға қатысушылар құжатпен, карталарда және ахуалдық схемаларда пысықтады.
Облыстық ТЖД қызметкерлері бірқатар нысандарды аралады, оларда авариялық жағдайларды жою бойынша басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдары пысықталды.
Қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуге арналған тестілеуді өте жақсы» бағасына тапсырды.
Жалпы, азаматтық қорғаудың қалалық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштері оқу-жаттығу барысында өздерінің функционалдық міндеттерін, бейбіт уақытта, сондай-ақ әскери жағдайында төтенше жағдайлардың түрлі сипатын жою бойынша алгоритмдері мен үйлесімді іс-қимылдарын жақсы білетіндіктерін көрсетті.
Қарағанды облысының ТЖД
АҚ басқармасы