Қарағанды облысында дала өрттерімен жағдай тұрақталды

Қарағанды облысында дала өрттерімен жағдай тұрақталды

Шілдеде термометр бірнеше рет ауа қысымының 40 градусқа жеткенін көрсетті. Адамдар ғана емес, табиғат та ыстықтан зардап шегуде. Жасыл шөп сарғайып, сәл ғана ұшқыннан жануға дайын тұр, шөптің жануы отты дұрыс пайдаланбаудан, адам шаруашылығының салғырттығынан сонымен қатар, өздігінен де тұтанып, жануы мүмкін.

Табиғи өрттің шығуына сөзсіз адами фактор себепші. Бейберекет өшірілмей тасталған темекінің тұқылы, сіріңке, демалыс кезінде от жағып сөндірмей кету, тіпті қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерің білмегеннің өзі өрттің шығуына алып келеді.

Кейде күн күркіреген кезде өрт шығып жатады. Мұны өрт сөндірушілер табиғи себептерге балайды. Өрт шығуының мұндай түрі екінші орында тұр.

Табиғи өрттер кеш анықталады (үлкен аумақтар мен халықтың тығыздығы төмен болғандықтан), сондықтан материалдық шығын келтіріп қана қоймай, адам өміріне, экологияға, жан-жануралар мен өсімдіктерге қауіп төндіреді.

2021 жылғы өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы алаңы 77,044 га (оның ішінде орман жабылған аумағы 23,215 га) 20 өрт, жалпы алаңы 48190,3 га 13 дала өрті және жалпы алаңы 4885,5 га дала жануының 173 жағдайы болды.

Өрт қауіпті кезеңге дейін жергілікті атқарушы органдар жарақтандыруында 2072 бірлік бейімделген автотехникасы (автоцистерналар, автопоилкалар, сұйық шашқыштар, аспалы сорғылары бар тракторлар және т.б.) бар, саны 7 221 адам құрайтын 31 өрт сөндіру бекетінің, 505 өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ 67 бірлік өрт сөндіру мотопомпаларының әзірлігін қамтамасыз етті.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер 10 орман өрт сөндіру станциясының дайындығын қамтамасыз етті.

Соңғы 5 жылда жергілікті атқарушы органдардың өз қаражаты есебінен облыстың аса өрт қауіпті алты өңірінде 42 мобильді кешен сатып алынды.

Ағымдағы жылы тағы 17 мобильді кешен сатып алу жоспарлануда.

Қарағанды облысының аумағында 31 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олардың қорғауында жалпы халық саны 40 мың адамнан асатын 63 елді мекен бар.

Өрт сөндіру бекеттерін құру және дамыту ағымдағы жылға да жоспарланған. Қарағанды облысының әкімдігі бекіткен 2021-2023 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес 3 жыл ішінде тағы 20 өрт сөндіру бекетін құру көзделген.

Ағымдағы жылы 6 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда.

Табиғи өрттерді ерте анықтау мақсатында 2014 жылдан бастап Департамент "Қазақстан Ғарыш Сапары "Ұлттық компаниясы" АҚ-мен табиғи өрттердің ошақтарын тану және карталау бойынша ғарыштық мониторинг қызметтерін көрсетуге шарт жасады.

Өрт қауіпті кезеңде орман-дала алқаптарында ауыл шаруашылығы өндірушілері мен азаматтардың өрт қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларын сақтауы туралы үгіт-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Соңғы үш күннің ішінде ыстық ауа райы Шет, Бұқар жырау, Абай, Нұра және Ұлытау аудандарының аумақтарында жануға әкелді.

Ең ауқымды құрғақ шөптің жануы Ұлытау ауданына қарасты Жангелдин және Ақтасты ауылдық округінде – 28 мың га алқапта орын алды, Ұлытау ауданының Шеңбер және Амангелді ауылдық округтерінде жалпы көлемі жану 11,8 мың га құрады,  Ақтоғай ауданына қарасты Ортадересін ауылдық округінде – 250 га.

Мысалы, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дала өрттері салдарынан ТЖ режимі жарияланды. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы км. құрайды, бұл Қазақстанның аумағы бойынша ең үлкен аудан. Өкінішке қарай, оқиға орынында, жас жігіттің денесі табылды, тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, 200-ден астам мал қырылды.

Осы ауданда 25 шілдеде Ұлытау а/о, Ұлытау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде құрғақ шөп өртенді. Өрт сөндірушілер екі тәулік ішінде отты ауыздықтап, толықтай өшірді. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің, орман шаруашылығының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі, өртке қарсы ерікті құрамалар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Өз кезегімізде, біз сіздерге өрт қауіпсіздігін сақтауды тағы да естеріңізге саламыз.

Табиғатта болған уақытта өте мұқият болу қажет: өшірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкені лақтырмай, өшірілмеген алауды сонымен қатар шыны сынықтарын қалдырмау.

Дала жұмыстарына тартылған адамдарға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс, техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет.

Орман аймағына, сондай-ақ елді мекендерге жақын орналасқан дала өрттерінің өтуіне жол бермеу мақсатында жырту қажет

Отпен абай болыңыздар. Сіздің отты абайсыз пайдалануыңыз қаншама зардап әкелуі мүмкін.  

 

Нұрайым Кенжехан,

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз хатшысы