
28 шілдеде "Новое телевидение" және "Жаңа FM" әуетолқынында "Три товарища" бағдарламасында Қарағанды облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары - капитан Сайпаш Е .А. "2021 жылдың шомылу маусымы" тақырыбында сөз сөйледі. Эфир барысында шомылу ережелері, белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат жеткізілді. Биылғы және өткен жылғы қолайсыз оқиғалар бойынша салыстырмалы статистика келтірілді. Көрермендерді қызықтырған барлық, соның ішінде " қайда шомылуға болады? сұрақтарына қарқынды жауап берілді.