Қарағанды облысы әкімінің 2021 жылға арналған облыс қалалары мен аудандарында командалық-штабтық оқу-жаттығуларды дайындау мен өткізуге арналған ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 2021 жылғы 21-22 шілде аралығында Жезқазған қаласында «Бейбіт және соғыс уақыты жағдайында төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және қала халқының іс-қимылдары» тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Өткізілген оқу-жаттығудың мақсаты басқару органдарының, азаматтық қорғау күштерінің АҚ-ның қалалық жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдері кезіндегі іс-қимылдарға, бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою барысында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге әзірлігін арттыру болып табылады.
Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша облыс аумағында енгізілген шектеу шараларына байланысты биылғы жылы оқу-жаттығу форматы өзгертілді, оқу-жаттығу барысында басқару органдарының барлық іс-қимылдары оқу-жаттығуларды басқару штабына тікелей онлайн форматта көрсетілді.
Жалпы Жезқазған қаласының басқару органдары, қалалық қызметтері, АҚ күштері мен құралдары азаматтық қорғаныс, халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуге «ДАЙЫН».