Азаматтық қорғаныс бойынша семинар-кеңес өтті

Азаматтық қорғаныс бойынша семинар-кеңес өтті

2021 жылғы 23 шілдеде Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы азаматтық қорғаныс саласы бақылауындағы субъектілермен (объектілермен) семинар-кеңес өткізді.
Аталған семинар-кеңесте «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» ҚР ІІМ мен ҚР ҰЭМ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы ақпарат, субъектіні хабардар ету, берілген нұсқаманың мерзімін орындау, жыл сайынғы есепті ұсыну тәртібі жеткізілді.
Семинар-кеңес соңында өзекті мәселелер талқыланды, пікір алмасты және проблемалық мәселелерді жою бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Азаматтық қорғаныс басқармасы