Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысын шығару бойынша жиналыс өтті

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысын шығару бойынша жиналыс өтті

2021 жылы 14 шілдесінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің акт залында Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Қ. Қатпановтың қатысуымен 2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жиналыс өткізілді.
Қызметтің бағыттары бойынша Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығының оранбасары азаматтық қорғау полковнигі Бимағамбетов С.Н. есеп берді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің қызметтік бағыттардағы басты міндеттерді іске асыру бойынша, оның ішінде өрт сөндіру бөлімдерінің жедел жылдамдығын арттыру, өртке қарсы дайындығын жоғары деңгейге жеткізу, өртке қарсы іс-шараларлы сапалы ұйымдастыру және жүзеге асыру мүмкіндігі, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлар туралы атап айтылды. Өрт сөндірушілердің осы айтылған сипаттың барлығында жауынгерлік дайындығының тиісті деңгейде сақталуы табысты қызмет алдында тұрған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
2021 жылдың 1-ші жартыжылдығының өткен кезеңінде өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері 5612 жедел құтқару жұмыстарына шықты, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,1% - ға артты (5.242).
Өрттерге шығу – 18,4% - ға азайды, жану жағдайлары – 12,8% - ға көбейді, жалған шақыру қоңыраулары бір жарым есе өсті. АҚЖ – ға шығу саны 5,3% - ға артты. Тұрмыстық сипаттағы АҚЖ жүргізуге шығу саны 6,8% – ға азайды.
Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы 265 адамды құтқарып, 600 адамды эвакуациялады. Өртпен байланысты емес аварияларда 1062 адам құтқарылды, 116 адам эвакуацияланды.
ТЖ департаментінің басшылығымен тыңдалынған есеп қорытындысы бойынша төмендегі тапсырмаларды орындауды тапсырма берілді: оқыту бірлігін нығайту, қызмет атқару және өрттер мен аварияларды іс-қимылдар орындау кезінде өндірістік жарақат жағдайларының алдын-алуға бағытталған, кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Нұрайым Кенжехан
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы